Опубликовано 25 апр. 2025 г.
334
ФИЗИКАДАН ДАЙЫНДЫҚҚА 7 КЕҢЕС

Қазақстанда оқушылардың өте көп бөлігі ҰБТ-да физика және математика пәндерін таңдайды. Наурыз айындағы ақылы ҰБТ статистикасы бойынша, 111 мың тестіленушінің 19%-ы физматты таңдаған. Қазір бұл пән бойынша түсетін мамандықтар сұраныста.
- Есептерді жиі шешу. Оқулықтан бөлек ҰБТ базасын талдауға ұсынамын. Иә, база жаңарады. Дегенмен, есептің тақырыбы, мәні өзгермейді. Күніне 5 нұсқа талдасаң, бірден нәтижеге жетесің.
- Формула жаттауға да уақыт бөлу. Физматтың негізі - есептер. Егер сен формула білмесең, қанша жерден теориялық білім күшті болса да, есеп шығара алмайсың. физика , математика мына сайттарды пайдалан..
- Логиканы дамыт. Кейде есептерді бір шаблон бойынша шығару іш пыстырады. ҰБТ тапсыру кезінде ұмытып та қалуың мүмкін. Сондықтан логиканы дамытсаң, өзіңе жақсы.
- Деңгейді анықта. Әр апта сайын тестцентрдің пробный тесттерін шешіп отыр. Прогресс болса, өзіңе сыйлық жаса. Осы арқылы оқуға мотивация бересің.
- Формуланы жаттамас бұрын олардың мазмұнын, мәнін есте сақтау қажет. Бірінші түсініп ал. Кейін жатта. Осылай ұзаққа сақталады.
- Формула таңбаларын үйрену керек. Бірдей таңбалар бірнешеуінде қолданылады. Сол себептен бұл аса қиын емес.
- Формулалар үшін арнайы блокнот баста. Оны жазғанда түрлі-түсті қаламды қолдан. Кітаптан бір тақырыпты оқығанда бірден формуласын жаттап ал.
Осы 7 кеңесті пайдаңа жаратып, ҰБТ-дан жоғары балл жина. Есіңде болсын : тек жүйелі дайындықпен ғана арманыңа жетесің.